22 қаңтарда 6 «А», 6 «Е» сыныптар арасында Алғашқы әскерй дайындық пән мұғалімі Камилаш Гүлмереймен әскери-спорттық ойындар бойынша тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға әскери спорттық ойындардың түрлерімен таныстыру, әскери-патриоттық тәрбие беру. Келешекте өз Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушылар арасында Отанды қорғау туралы қасиетті парызды насихаттау, Отан алдындағы парызды орындау даярлығын, патриотизмге тәрбиелеу, тәртіптілікке, батылдыққа, жолдастық пен достыққа тәрбиелеу. Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен түрлі ойындар, сайыстар өткізілді. Оқушылар бір-бірімен күш сынасты. Іс- шараны ұйымдастырған сынып жетекшілер Асанова Д.М, Даулетбекова А.Б.







Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены