Меню KDT
21 қаңтар №25 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сыныпар апталығы аясында 2-4 сыныптар арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті.


21 қаңтар №25 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сыныпар апталығы аясында 2-4 сыныптар арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті.
Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру; қабілеті жоғары дарынды балаларға қолдау көрсету және қалалық «Алтын сақа» олимпиадасына іріктеу мақсатында іс-шара өткізілді. Сайысты бастауыш сынып мұғалімдері Жукенова Ж.Т., Бектасова Г.М. өткізді.
Тапсырмалар  «Кел танысайық!», «Ойлан тап»,
«Кім жылдам?»,«Логикалық тапсырмалар» формасы түрінде берілді.
Осы тапсырмалардан  өту түрі математикаға деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді, өйткені онда қызықты және әдемі математикалық тапсырмалардан бөлек бәсекелестік рухы, күтпеген жағдай және толқу бар.
Сайыстың бірінші кезеңі сынып ішінде өткізіліп, 2-4 сынып  оқушыларынан құралған 3 топ  мектепішілік «Алтын сақа» интеллектуалды сайысына қатысып, қалалық олимпиадаға  «Алғыр» тобы жолдама алды. «Жігер» тобы ІІ орынға, «Зерек» тобы ІІІ орынға ие болды.
Апталықтың жабылу салтанатында оқушылар марапатталады.    
 
 


 


Комментариев нет
416 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 21.01.2020 в 17:02

Возможно вас заинтересует...!