Бүгін ,яғни 22 қаңтар №25 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш 4 "а" және 4 "ә" сыныптар арасында «Балалық-даналық» атты танымдық сайыс өткізілді.
Бұл сайыстың мақсаты:
Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету. Балалардың жаратылыстану, дүние тану, математика, әдебиеттік оқу,қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін топпен жұмыс істей отыра сыныптар арасында білімдерін тиянақтау,логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен еңбек ете білуге тәрбиелеу. Үштілділік білімдерінде ортаға салу.
Екі топқа бөлініп, «Сен жалғастыр», »Ханталапай»,»Ұшқыр ой»,»Тездет бірақ қателеспе»,»Тапқыр болсаң,талас жоқ» атты бөлімдерден тұратын сайыстар жүргізілді.Оқушылар сайысқа өте қызығушылықпен ,бар ынталарымен қатысып,өздерін жан-жақты көрсете білді.Әр пәннен алған білімдерінің күнделікті өмірде де кездесетінін дәлелдеп көрсете білді.»Ұшқыр ой» бөлімінде балалар үштілділік білімдерін көрсетіп,мақалдардың жасырынған сөзін тауып,үш тілде айта білді.Математикаға байланысты «Тапқыр болсаң,тауып көр» бөлімінде логикалық ойлауға арналған есептерді оқушылар өте шапшаңдықпен,ізденіспен орындады. Сайысымыздың соңында мектеп директоры Тұрсынова Сауле Нургалиевна оқушыларға өзінің жылы лебізін білдіріп,ризашылығын айтты.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены