Меню KDT
Биыл ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл. Осыған орай мектебімізде 1 сыныптар арасында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» тақырыбында Абай оқулары өтті.


Биыл ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл. Осыған орай мектебімізде 1 сыныптар арасында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» тақырыбында Абай оқулары өтті.
Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының ақындық талантын оқушылардың жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейтуге баулу. Кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып, біліп сезінуге міндетті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің таланттарын және ақындық шеберліктерін арнау, ән, мәнерлеп оқу арқылы жеткізе білді.
Сайысты 1 сынып мұғалімдері Сексенбаева Ж.Д.,Каратаева Ә.Т.,Арыкова Д.Т жүргізді. Абай атамыздың өмірбаяны мен өмірі туралы мәлімет берілді.
Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі орындар бөлінді.
 І орынды 1 «Б» сынып оқушысы Берік Сезім, ІІ орынды  1 «Ә» сынып оқушысы Сүндет Аяла және 1 «А» сынып оқушысы Серикова Жазира, ІІІ орынды 1 «Б» сынып оқушылары Мұқажан Наргиза, Нұрлан Назым, 1 «Ә» сынып оқушысы Серікпай Диана, 1 «А» сынып оқушысы Маратова Камила, Өмірбек Камила иеленді. Соңынан 1 «Б» сынып оқушылары «Оқуда озат боламын» әнін орындады. Қалалық «Абай оқулары»  байқауына мектеп намысын қорғауға 1 «Б» сынып оқушысы Берік Сезім қатысады.


  
  


Комментариев нет
396 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 21.01.2020 в 15:26

Возможно вас заинтересует...!