МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
2020 жылдың 20 қаңтар күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде ата-аналар комитетінің төрайымдары мен төрағалары үшін жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс қатысушыларын тіркеу онлайн жүйесі арқылы жүзеге асырылды.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. "Қаржы - шаруашылық және оқу-тәрбие жұмысы бойынша 2019-2020 оқу жылының 1 жарты жылдығының қорытындысы" мектеп директорының есебі (Сегізбай А. Т.)-30 мин.
2. Қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамыту. (Абильдина Г. О.) -15 мин.
3. Білім беру мекемесінің кешенді қауіпсіздігі - оның табысты жұмыс істеу шарты. (Сатыбалдина Г. А.) -15 мин.
Мектеп басшысы Алмагүл Тлектесқызының "Құрметті ата-аналар, 2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығы аяқталып, жаңа күнтізбелік жыл басталып отыр. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен өзара түсіністік тілеймін. Алға қойған жоспарларыңыз жүзеге асып, үміттеріңіз ақтала берсін!" деп басталған сөзі биылғы оқу жылының алғашқы жарты жылдық оқу-тәрбие, шаруашылық-қаржылық есебіне ұласты. Сондай-ақ, мектептің оқу-тәрбие орынбасарларының қосымша білім беру, бала қауіпсіздігі тұрғысынан жасаған баяндамалары ата-аналар үшін маңыздылығымен өзгешеленді.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан ауызша сұрақтарға жауап беріліп, жазбаша қалдырылған сұрақтарға жеке жауап берілетін болып шешілді. Ата-аналардан мектеп басшысына және басқарудағы өзіндік ұстанымына деген алғыстар да айтылды.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены