Қазақ мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 12:00 9-10 сынып оқушылары арасында жалпыреспубликалық адалдық сағаты өтті. Адалдық сағатын өткізудің мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Бүгінгі өткен Адалдық сағатының лекторы, "Қызылжар алаңы" ЖК басшысы Амангелді Есмағзиұлы Сатанов өз баяндамасында Парасаттылық деген не?, Жақсылық ережесі, Жақсы игі істер, Парасатты азаматтың 7 игі ісі және Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында сыбайлас жерқорлықтың алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындағандығын айтып өтті. Жаңадан сайланған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізгендігі жайлы айтты."Білім" бастауыш партиясы ұйымының төрайымы Таймуллина Шарбан Нигановна Адалдық сабағының соңында оқушыларға: - әрдайым есте ұстаңдар, өзіне-өзі сенімділік туа біткен қасиет емес, демек, оны адам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім – жетістіктің кілті, ал сол кілт өздеріңнің әрқайсыңның қолында... деп аяқтады. Жалпы ісшараға 134 адам қатысты.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 17.01.2020 в 14:45