← Назад к новостям
Мен жастарға сенемін!

Мен жастарға сенемін!

b1436skobilim
17.01.2020 в 15:00
439 просм.
Нет комментариев

Мен жастарға сенемін!

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында  жерлес ақын, ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаев шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты – ақын туындыларын дәріптеу арқылы жасұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мектебіміздің әр оқушысы ақын шығармашылығы бойынша өзі қалаған туындысын жаттады. Іріктеу кезеңінен өткен 44 оқушы ақтық байқауға қатысты. Байқау соңында белсене қатысқан әр оқушы арнайы сертификатпен, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Аталмыш шара жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шара ретінде өз жалғасын табатын болады.

 

Автор: b1436skobilim · 17.01.2020
439
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT