Меню KDT
«Адалдық сағаты» іс-шарасы

Нұр-Сұлтан  қаласы  №24  орта мектепте  өткізілген

 «Адалдық  сағаты»  іс-шарасы


Нұр-Сұлтан  қаласы  №24  орта мектепте  өткізілген
 «Адалдық  сағаты»  іс-шарасы

Қатысқандар: 9-10 сынып  оқушылары

Бала саны: 230

Өткізілген орны:  Акт зал

Уақыты: 11.30

         Бүгін,  яғни  17.01.20 ж. күні    мектебімізде  «Адалдық  сағаты» іс –шарасы  өткізілді. Осы  іс –шараға   Нұр-Сұлтан  қаласы  бойынша  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл  агенттігінің    аймақтық департамент өкілі  - Хайруллин Марат  келіп  қатысты.

          Іс-шараға  9-10  сынып  оқушылары  қатысты. 2018 жылғы 5  қазандағы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауымен  басталды. Яғни Елбасы  жастар  барлық іске көшбасшы және  соның  ішінде  сыбайлас жемқорлықпен күресуге  күштері  жетеді   деп сенім білдірген жақсы сөздермен басталды.

          4 негізгі  құндылықтардың ішінде  парасаттылыққа басты назар аударылды.  Әрбір  тұлғаның  бойында  болса, еліміздің ертеңгі  болашағы жарқын болатыны  туралы айтылды.

          Қоғамның дамуы үшін парасаттылықтың белгілі бір принциптерін ұстану қажет. Еліміздің дамуы тек бірлескен күш-жігердің арқасында, қоғамның әр мүшесінің: өскелең ұрпақтан бастап, маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын биліктегі азаматтардың қосқан үлесінің арқасында жүргізіледі.

Тақырып бойынша сұрақтар қойылды:

  • Қалай ойлайсыз, жақсылық дегеніміз не?
  • Неге бүгінгі біздің уақытымызда адамдар жақсылық жасамайды?
  • Неге адамдар игі істер жасаудан қорқады?
  • Не үшін парасатты жұмыстар атқармаймыз?

Оқушылар қойылған сұрақтарға ат салыса жауап беріп, өз ойларын білдірді.

       
       

«Адалдық  сағаты»  іс-шарасы  өз деңгейінде  өтті.


Комментариев нет
203 просмотров
Автор: 24mektep
Добавлено: 17.01.2020 в 14:46

Возможно вас заинтересует...!