Меню KDT
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған


Нұр-Сұлтан қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гиназиясында 2019 жылы қазан айының 18 күні  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты тақырыпта іс-шара өтті. 

Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

«Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - дегендей, бүгінде Абай  атамыз жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүрмек! Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты тақырыптағы іс-шараға 7-сынып оқушылары белсене қатысты.

Іс-шарада оқушылар «көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай» атты әнді шырқап, мың бұрала билесе, енді бірі Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз қозғады.

«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» демекші оқушылар  Абай атамыздың табиғат лирикасы аясында туындаған туындыларын оқушылар мәнерлеп оқыды.

Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.






Комментариев нет
280 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 18.10.2019 в 23:17

Возможно вас заинтересует...!