«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігін артыру, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау мақсатында 12.12.19 күні қазақ - мектеп гимназиясында мектеп Президентінің сайлауы өтті. Сайлауға 5 үміткер қатысты:Кутенова Ботагөз, Туганбаев Касымхан, Каримов Рустам, Елюбай Нұрсейіт, Дюсенова Шырайлым.
Бұл оқушылардың бәрі дерлік мектепішілік және облыстық, республикалық іс-шараларда белсене атсалысып жүргендер.
Сайлау барысында әр оқушы жиналғандарды өздерінің бағдаламаларымен таныстырды. Онда олар өздерінің жан-жақты тәжірибелі екенін көрсете білген. Тіптен алға қойған жоспарларының өзі, әр адамның қызығушылығын оятып, қай-қайсысы да Президент болса, келешекте мектепте көптеген қолайлы өзгерістер боларына сенім ұялатты.
Сайлау рәсімі жабық түрде өтіп, мектеп оқушылары қатысты. Дауыс беру нәтижесі бойынша өзінің үздік бағдарламасымен жан-жақты қырынан көрсете білген, көп дауысты еншілеген 10 "Ә" сынып оқушысы - Каримов Рустам жеңіске жетіп, мектеп президенті атанды. Рустамға алда қолға алған жауапкершілігіне мол табыс тілей отырып, мектеп мәртебесінің артуына үлес қосатынына сенім білдіреміз!
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 12.12.2019 в 18:05