"Білімнің іргетасы - бастауыш мектеп" атты тақырыптағы үлкен іс-шара ,онкүндігі бүгін өз мәресіне жетті
03.12 - 13.12.2019 жылы осы аралықта,
ҚР Тәуелсіздік күні меркесі қарсаңында мектеп жоспарына сәйкес ҚМГ бастауыш сыныптар арасындағы
"Білімнің іргетасы - бастауыш мектеп" атты тақырыптағы үлкен іс-шара ,онкүндігі бүгін өз мәресіне жетті.
Осы аралықта 1-4 сыныптар арасында оқытушылардың ұйымдастырылған теориялық және практикалық жұмыстары өзара тәжірибе алмасуға зор септігін тигізді.
Оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім,білік дағдыларының қалыптасуын дамыту, жетілдіру, он күн бойы өткен ашық сабақтар,1-сыныптар арасындағы "Отбасы - тәрбиенің басты ұясы" ата-аналармен өткен іс-шара ,
2-сыныптар арасындағы "Атадан қалған асыл сөз" тәрбие сағаты ,
3-сыныптар арасындағы "Көшбасшы-2019" интеллектуалдық ойынды ,
4-сыныптар арасындағы "Мен зерттеушімін" іс-тәжірибелерді қортындылай отыра , оқушылар алған орындары мен жеңістері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 0-4 сыныптардың арасында , алғаш рет 1-сыныптар ұйымдастырған "Абай" оқулары, әндері , қара сөздері , мектеп қабырғасында енді ашылған "Абай" орталығында бірінші рет ұйымдастырылды.
Осы өткен конкурста оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін ,қара сөздерін нақышына келтіріп,жатқа айтып,мазмұнын терең түсініп , мәнін ашып өте әдемі жеткізе білді.
Жеңімпаздар қалалық сайысқа жолдама алды.
Мектеп қабырғасында бастауыш сыныптардың ұйымдастырған онкүндгінің негізгі мақсаты - оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру , алған білімдерін шыңдап тексеру.
Мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру болатын.Ендеше онкүндік өз мақсатына жетті.
Еліміздің жас бүлдіршіндерін ,жалынды жастарын,бастауыш мектеп ұжымын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.Көк байрағы желбіреген еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 13.12.2019 в 10:20