Меню KDT
Қоғамдық тыңдалым


Қоғамдық тыңдалым

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде қаңтардың 11 күні қоғамдық тыңдалым өтті. Қоғамдық тыңдалымға лицей оқушыларының ата-аналары мен мұғалімдер ұжымы қатысты. Ата-аналар жиналысқа белсенді қатысып, тыңдалым бойынша өз ұсыныстарын  айтты.

Қоғамдық тыңдалымда төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  1. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі. Оқу  ісін ұйымдастыру жөнінде сараптама (Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Пархоменко Г.В.)
  2. Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы туралы және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы есеп (Директордың ҒІ жөніндегі орынбасары Жамулдинова Ж.И., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аюпова Б.А. )
  3. Лицей оқушыларының ішкі тәртіп пен ережені сақтауы. «Педагог мәртебесі туралы» Заң (Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Темерханова А.И., математика пәнінің мұғалімі Касенова Б.Ж. )

Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Қоғамдық тыңдалымның сұрақтарын жан-жақты талқыланып, ортақ шешім шығарылды.

Тыңдалымның шешімі:

  1. Оқушылардың білім сапасын арттыру жұмысын жалғастыру. БЖБ мен ТЖБ-ға дайындық барысында ата-аналарға оқушыларды қолдау.
  2. Ата-аналарға оқушылардың түрлі іс-шаралар, зияткерлік сайыстар мен ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуы үшін қолдау көрсету, ынталандыру.
  3. Лицейдің тәрбие жұмысындағы барлық бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру. Белгілі бір мәселелер туындаған жағдайда бірден сынып жетекшісі мен лицейдің әлеуметтік-психологиялық қызметіне хабарлау
  4. Баланы тегін тамақтануға қою үшін ата-анаға 2020 жылдың 25-тамызға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Н.Черноваға барлық құжаттарды тапсыру.
  5. Ата-аналарға оқушылармен «Педагог мәртебесі туралы» Заң бағыттары мен лицейдің ішкі тәртібі туралы әңгімелесу.    
 
 


Комментариев нет
356 просмотров
Автор: b1436skobilim
Добавлено: 11.01.2020 в 12:10

Возможно вас заинтересует...!