Меню KDT
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2019 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында мемлекет басшысының ұйғарымымен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназия» КММ-сі ашылды.


    Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2019 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында мемлекет басшысының ұйғарымымен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназия» КММ-сі ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлия Назарбаева, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин мырза қатысты. «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» 3D–модельдерді зерттеуге арналған виртуалды – ғылыми секциясы бар «Жасыл технологиялар» зертханасын сыйлады. «Сарыарқа Авто Өнеркәсіп» қазақстандық зауыты жаңа үлгідегі мектеп автобусын сыйға тартты. Сонымен қатар ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай мұражайы» ашылды. Мұражай 3 бөлімнен тұрады. Бала Абай (Абайдың туған жері, балалық шағы), ақын Абай (Абайдың шығармалары, ақындығы), Һәкім Абай (философиялық шығармалары және әрі қарай толық ілімдерімен жалғасады). Оқу кабинеттерінің саны – 36. Қазіргі таңда мектепке 1151 бала қабылданды, оның ішінде 1-сыныпқа 186 бала. Мектеп гуманитарлық бағытта жұмыс істеп, балаларға мемлекеттік тілде білім береді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
329 просмотров
Автор: 87mektep
Добавлено: 01.09.2019 в 17:26

Возможно вас заинтересует...!