«Рухани- адамгершілік тәрбие- Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі талабы»
М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы мектеп- лийейде өткен педагогикалық кеңесте «Рухани- адамгершілік тәрбие- Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі талабы» атты тақырып аясында ашық сұхбат алаңы өткізілді. Педагогикалық ұжым «Бақылаушылар», «Тәлімгерлер», «Жас мамандар» деп үш топқа бөлініп, рухани- адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы, құндылығы туралы ой бөлісті. «Жас мамандар» тобы Жаңартылған білім беру мазмұны аясында туындаған мәселелер бойынша «Тәлімгерлер» тобына сұрақтар қойды. «Тәлімгерлер» тобы адамгершілік тұрғыдан өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл- кеңестерін берді. «Бақылаушылар» тобынан мектеп- лицей директоры Касимова Р.Е. қорытынды пікір айтты. «Рухани- адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым қатынас кезінде бала бойына дариды. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни құнды қасиеттерді дарыта білуіміз керек. Жас ұрпаққа «Үлкенді сыйла», «Үлкендермен амандас», «Үлкендердің жолын кеспе» деген ұлағаттарды сөздерді айтып отыруымыз керек»,- деді Разея Ескендырқызы өз сөзінде.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата- ана мен ұстаздардың басты міндеті. Жан- жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, адамгершілік құндылықтарды бойына дарыта білген ұрпақ тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены