Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК 2 курс, 2 ОПп-118, 2 ПОВТ-118, 2 ОПп-218, 2 ПОВТ-218 2 ОГх-118 топтарының студенттеріне қыркүйек айында ҚР Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының ұсынған оқу-әдістемесі бойынша «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні енгізілді. Бұл пәнді ҚР «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы оқытушысының кәсіби біліктілігін дамыту» курсынан өткен жас мамандар Джалмуканова А.С және Тәукебаева Б.Б жүргізді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК 2 курс, 2 ОПп-118, 2 ПОВТ-118, 2 ОПп-218, 2 ПОВТ-218 2 ОГх-118 топтарының студенттеріне қыркүйек айында ҚР Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының ұсынған оқу-әдістемесі бойынша «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні енгізілді. Бұл пәнді ҚР «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы оқытушысының кәсіби біліктілігін дамыту» курсынан өткен жас мамандар Джалмуканова А.С және Тәукебаева Б.Б жүргізді. Студенттерге арнайы тақырыптармен қатар түрлі ойындар ойнатылып, тапсырмалар берілді. 36 сағат алған білімдерін қолдана отырып білім алушылар Бизнес жоба құрастырды. Болашақта сол кәсіп негізінде қызмет істегісі келетіндерін де жасырмады. Бүгінгі күні аталған топ студенттері ҚР Атамекен ҰКП-ның «кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативтік сабағы бойынша 36 сағаттық оқуды аяқтағанын растайтын сертификаттарға ие болды. Сертификаттарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сатова Гаухар Рамазановна студенттерге арнайы тілегін білдіре отырып, салтанатты түрде табыстады. Сертификаттарды табыстау рәсімінен кейін білім алушылар колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен және пән оқытушыларымен естелік суреттерге түсті. Студенттерді құттықтай отырып, кәсіпкерліктің алғашқы баспалдағына басқан қадамдарың бизнестің биік шыңына көтерсін дегіміз келеді. Сәттілік!!!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены