← Назад к новостям

Ата-аналар жиналысы

b1436skobilim
30.12.2019 в 16:18
333 просм.
Нет комментариев

Ата-аналар жиналысы
        Желтоқсанның  он тоғызы мен жиырмасы күндері "М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі"  КММ қабырғасында лицей ата-аналарының мектепішілік жиналысы өтті. Жиналыс 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығының аяқталуына орай өткізілді. Жиын барысында 5-10 сынып ата-аналарына жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы критериалды бағалау мен 9, 11 сыныптар үшін қорытынды аттестаттау туралы лицей ұстаздары тағы бір мәрте  түсінік берді. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, бала мен ата-ананың жаңа бағалау түріне  оң көзқараспен қарауын  бірлесе қарастыру болды. Критериалды бағалау жүйесінің оң жақтары мен оқушыға беретін мүмкіндіктеріне қанық болған ата-аналар ерекше бір ынтамен үйлеріне тарқады. ІІ тоқсанның аяқталуы қарсаңында лицей оқушылары мен ата-аналары үшін   барынша жағымды ахуал қалыптастырып,  жақсы ынтамен тоқсанды аяқтауға көмек болды деген үміттеміз

Автор: b1436skobilim · 30.12.2019
333
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT