«Ақниет» қорының ұйымдастырушыларына, Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.
19.12.2019 жыл.
«Ақниет» қорының ұйымдастыруымен болған жаңа жылдық шыршаға мектептен екі оқушысы қатысып, жақсы, көтеріңкі көңіл күймен оралды, олар 2 «Б» сыныбынан - Амангелді Нұрбибі және 3 «А» сыныбынан - Нақышбек Мирас.
24.12.2019 жыл.
Президент шыршасына мектептің 2 «В» сыныбының оқушысы - Радастин Багдан қатысып, «ORCHESTRA» балалар киімі дүкеніне сертификат алды және балалармен ойнап, Алтайдың алып жігіттерімен фотоға түсіп, концерттік бағдарламасын тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен оралды.
25.12.2019 жыл.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының жолдаған 10.12.2019 жылғы №286 хатына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан ұйымдастырылған «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты Жаңа-жылдық мерекелік бағдарламаға 3 «Ә» сыныбы оқушысы - Султанкулова Аяулым қатысып, 40 000 теңгелік «ORCHESTRA» балалар киімі дүкеніне сертификат алды және балалармен ойнап, Алтайдың алып жігіттерімен фотоға түсіп, концерттік бағдарламасын тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен оралды.
26.12.2019 жыл.
Мектепішілік 1-4 сынып оқушыларына арналған «Планета» қуыршақ театрының актерларының «Жаңа жылдық меркелік қойылымы» болды. Қойылымда әр түрлі қиял-ғажайып ертегілердің өкілдері, ескі доңыз жылмен қоштасып, жаңа тышқан жылы – 2020 жылды қарсы алып, аяз ата мен ақшақар, кейіпкер-Эльза балалармен ойындар ойнатты. Осының бәрі балаларға өте ұнап, көңілдері көтеріңкі болып тарады. Ата-аналар комитетінен өкілдер де қатысты. Көмекке өте мұқтаж жанұяның балаларына «Қамқоршылық кеңесі» ұйымдастыруымен мерекелік тәттілер берілді.
«Ақниет» қорының ұйымдастырушыларына, Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены