Меню KDT
«Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің»

«Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің»


     21.12.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №80 мектеп-гимназиясында «Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің» жобасы бойынша «Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту» тақырыбында қалалық байқау өтті. Іс-шарамыздың қонағы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас маманы Нурпейсова Жансая Рыспекқызына сөз беріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
     Іс-шараның ашылу салтанатынан кейін, келген қонақтарға мектебіміздің өнерпаз оқушылары ән мен күйден шашу шашып, биші қыздарымыз мың бұрала би билеп, Сайлау Күнсәуле дайындаған оқушыларымыздың «тобық тарту» дәстүрінен көрініс қойылды.
    Іс-шараға №65 МГ, №54 МЛ, №34 ОМ, №10 МГ және №80 МГ оқушылары қатысты. Байқау бірнеше кезеңдерден, интеллектуалды ойындардан құрылды. Қатысушы оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты.
Үй тапсырмасы бойынша ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерге жинақ шығарып, І орынды №65 МГ, ІІ орынды №34 ОМ иеленді. №54 МЛ және №80 МГ арнайы дипломмен марапатталды.
   5 кезеңнен тұратын байқау қорытындысы бойынша  І орынды №34 ОМ, ІІ орынды №65 МГ, ІІІ орынды №80 МГ қанжығасына байлады. Белсенділік танытып қатысқаны үшін №54 МГ және №10 МГ алғыс хатпен марапатталды.
Салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, қайта жаңғырту әр қазақтың азаматтық борышы. Бүгінгі іс-шараға қатысқан оқушыларымыздың үлкен дайындықпен келуі біз үшін үлкен мәртебе. Қазіргі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз. Салтын сүйген халқын сүйер демекші, шәкірттеріміздің салт-дәстүрлерімізді, ғұрпымызды білуі болашағымызға зор үміт арттырады.


       
     

      

    


Комментариев нет
323 просмотров
Автор: 80mektep
Добавлено: 24.12.2019 в 10:02

Возможно вас заинтересует...!