Меню KDT
Кәсіби бағдар


Кәсіби бағдар

13-желтоқсан күні БОМГ-да 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Көкшетау Техникалық Институты мамандарымен кездесу өтті. Бұл кездесуге аудан орталығы мектептерінің мектеп бітіруші болашақ ер бала түлектері қатысты. Солардың арасында өздерінің болашақ өмірлерін азаматтық қорғаныспен байланыстырам деушілер бар, яғни аталған оқу орнына түсіп офицер мамандығын таңдаймын дегендер. Атап айтсақ, «Парасат» мектеп лицейінің 11-сынып оқушылары Ермек Ғани мен Төрежанов Алимхан. Олар өздері болашақта түсеміз деген оқу орны, жалпы бұл мамандық туралы сұрақтарын КТИ-нан келген оқытушы, азаматтық қорғаныс капитаны Ақжанов Тұрлыбек Қазбекұлына қойып жауаптарын алды.




Комментариев нет
393 просмотров
Автор: b075skobilim
Добавлено: 13.12.2019 в 12:02

Возможно вас заинтересует...!