Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 5.12.2019 жылы №23 орта мектебінің 4 «Ә» сыныбы экскурсияға барды. Экскурсияға барысында Азаматтық қорғау инженер лейтенанты Тайшибеков Тлектес Зиятович оқушыларға өрт сөндірушілердің байланыс орны, өрт сөндіру техникалары және олардың тұрағы, арнайы киімі, демалатын орны, асхана, және т.б. жерлермен таныстырылды. Оқушыларға өрт сөндіру техникалардың қызметі туралы ақпарат берілді. Өрт сөндірушілердің күнделікті жұмыс тәртібі көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларға арнайы өрт сөндіру киімін киіп көруге рұқсат берілді. Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшы орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Қасымов Дархан Сансызбайұлына, Азаматтық қорғау бастығы Мауленбердиев Бақытжан Тасқынбекұлына алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ел қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарыңыз өте жоғарғы деңгейде екенін білеміз. Сіздер адамдарды құтқару үшін өз жеке бастарыңызды қатерге тігесіздер. Талай жас ұрпақ сіздерден үлгі алып жатыр. Еңбектеріңізге жеміс, табыс тілей отырып, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Сіздерге мың алғыс!!!!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены