2019 жылы 11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы № 52 МГ КММ "Lesson study - оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі" тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар өтті.
Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы ПШО орталығының тренері Т.К.Нугербаев, Павлодар,Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарының шағын жинақты мектеп директорлары мен орынбасарлары, білім мекемелерінің мұғалімдері (серіктес мектептер: №4 МГ, №44 ОМ, №65 МГ) қатысты.
Семинардың мақсаты: Сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін әріптестерімен бөлісе отырып іс-тәжірибе алмасу.
Семинар барысында №44 орта мектептің биология пәні мұғалімі З.Ж.Ахметжанова, №4 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Айдарбек, №65 мектеп-гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі А.Ж.Мустафина, №52 мектеп-гимназияның бастауыш мұғалімі Г.Естек 3 "Ғ"сыныбында әдебиет пәнінен "Әлемнің кереметтері" тақырыбында, тарих пәні мұғалімі А.Т.Бейсекеева 6 "Б" сыныбында "Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы" тақырыбында математика пәні мұғалімі Н.А.Өзбекова 7 "В" сыныбында пәндері бойынша LS сабағын берді. №52 мектеп-гимназия директоры Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы ПШО келген қонақтарға және сабақ берген ұстаздарға алғысын білдірді. Семинар нәтижесінде мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлескен өзара қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта өте жоғары дәрежеде жұмыс жүргізді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены