← Назад к новостям
"Мен елімді жырлаймын"

"Мен елімді жырлаймын"

b1436skobilim
14.12.2019 в 14:10
390 просм.
Нет комментариев

"Мен елімді жырлаймын" 

Желтоқсанның он екісі  №7 орта мектебінің қабырғасында Петропавл  қаласының білім ордалары арасында "Үш бәйтерек-үш асыл"  тақырыбында өткен "Мен елімді жырлаймын"  атты музыкалық-поэтикалық фестиваль өтті.  Аталмыш фестивальдің басты талабы   - қазақтың маңдайына біткен үш арысты еске алып, тәуелсіз Қазақстан жетістіктерін ұтымды көрсетіп, өзге ұлт өкілдері арасында тілімізге,  Отанымызға деген құрметті , елге деген сүйіспеншілікті арттыру.  Байқауға қаланың 17 мектебі белсенді түрде қатысқан болатын. Бұл сайыста топ жарып, біз,  "Мағжан Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі" жүлделі 3-орынды еншіледік.  Мектебіміздің 30 оқушысы сайыста өз өнерлерін ортаға салып,  қазақша еркін сөйлей алды. Лицейіміздің оқушыларын,  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін шын жүректен осы жетістікпен құттықтаймыз!
 

Автор: b1436skobilim · 14.12.2019
390
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT