Бүгін 12 желтоқсан күні 57орта мектебінде бастауыш, орта және жоғарғы сыныптың ата аналары "Әдептілік-асыл қасиет"," "Адамгершілік-асыл қасиет"," Дос болайық, бәріміз", "Татулық достық кілті"," "Адамгершілік- асыл қасиет"," Әдептілік тәрбие бастауы "," Әдепті бала, арлы бала", "Ел болашағы-білімді ұрпақ", " Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді", "Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым"," Дос-ажарың, жолдас- базарың", "Қазақтың ырым тыйымдары" атты сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатын ұйымдастырудағы мақсатымыз ата-ана мен оқушы, мұғалім арасындағы карым-қатынасты нығайту. Ата-аналар өздерін мұғалім орнына қойып, балалармен қызықты сұрақ-жауаптар, топтық жұмыстар, тәрбиелік мәні бар видеоролик, сахналық көріністер көрсетіп жұмыс жасады. Сынып сағатына мектеп директоры Меруерт Абуова Абитаевна, мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысып, ризашылықтарын білдірді. Осындай іс шараларды ұйымдастырып отырған мектеп директоры мен сынып жетекшілеріне ата-аналар да алғыстарын білдіріп, алдағы іс шараларға да белсенділік танытатындарын атап айтты.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены