Меню KDT
Тауағаш орта мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай «Жаса мәңгі – Тәуелсіздік!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.


«Тауағаш орта мектебі» КММ
2019-2020 оқу жылы
 

        Желтоқсанның 13 күні Тауағаш орта мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай «Жаса мәңгі – Тәуелсіздік!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

       Кештің мақсаты : оқушыларды  қазақстандық  патриотизм рухына  тәрбиелеу.  Оларды  Отанын,  елін,  жерін  сүюге  баулу,  туған  елге  құрмет  сезімін  қалыптастыру .

    Кешті мектеп директоры М.С.Сиванбаев құттықтау сөзімен ашып, «Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына алғаш кіргелі отырған оқушыларға төсбелгі тағып, оқуда сәттілік тіледі.

     Іс-шараға мектебіміздің барлық оқушылары қатысып, өздерінің бойындағы еліне деген патриоттық сезімдерін әнмен, бимен, өлеңмен өрнектей алды. Кеш соңында шырқалған «Мен қазақпын» әні өте әсерлі шығып, әр жүректе елге, халыққа деген намыс отын лаулатып, мақтаныш сезімін оятқаны сөзсіз.

 

 

Дайындаған: Молдыбаева А.Ж.

 


Комментариев нет
226 просмотров
Автор: b0514skobilim
Добавлено: 13.12.2019 в 15:55

Возможно вас заинтересует...!