← Назад к новостям
«Қазақтың басына қонған бақ»

«Қазақтың басына қонған бақ»

52mektep
12.12.2019 в 12:00
517 просм.
Нет комментариев

№52 мектеп-гимназиясының акт залында «Қазақтың басына қонған бақ» тақырыбында ақын А.Құнанабаевтың 175 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған Абайдың өнегелі өмірі, ақынның даналығы, рухани асыл мұралары


№52 мектеп-гимназиясының акт залында «Қазақтың басына қонған бақ» тақырыбында ақын А.Құнанабаевтың 175 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған Абайдың өнегелі өмірі, ақынның даналығы, рухани асыл мұралары мен ҚР Тәуелсіздік мерекесі қазақтың басына қонған бақ, мәңгілік мұра, қасиетті мереке екенін насихаттау, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында үш тілде кеш өткізілді. Кешке қаламыздағы «Абай» орталығының директоры Алмахан Мұхамедқалиқызы қатысты. Мерекелік іс-шара ұлылар үндестігі аясында Абай, Сұлтанмахмұт, Мұқағали поэзиясы сабақтастығы турасындағы шағын сахналық композициямен басталды. Абайдың балалық шағы туралы ағылшын тілінде 2-сынып оқушылары көрініс көрсетіп, қарасөздері қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде мәнерлеп жатқа оқылды. ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай «Шабыт» театры «Тәуелсіздікке тарту» қойылымын қойып, бишілеріміз «Желтоқсанға арнау» биін ұсынды. Тәуелсіздігіміз жайында үш тілде жатқа айтылған өлеңдер мен «Атамекен» әні жұртшылық көңілінен шыға білді.

 


Автор: 52mektep · 12.12.2019
517
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT