«Тәуелсіздік – мен, ол - менің асқақ аңызым...»
11 желтоқсан күні №74 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік – мен, ол - менің асқақ аңызым...» атты тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты ақын Ерлан Жүніс пен ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, ақын Мирас Болатұлымен кездесу кеші өтті. 5 «Ә», «В» сынып оқушыларымен өткізілген әдеби кештің мақсаты Ұлы дала елінің ұлық мерекесін ұлықтау, оқушылар бойында патриотзмді нығайту. Ел тарихынан сыр шертетін сахналық көрініс пен оқушылардың тәуелсіздік тақырыбындағы оқыған өлеңдері, әсіресе, ақын өлеңдері көрермендердің көңілінен шықты. «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңінің авторы Ерлан Жүніс тәуелсіздіктің тарихи маңызына тоқталды. Кеш оқушылардың ақындармен сыр-сұқбат жүргізуімен жалғасын тапты. Кеш соңында ақындар жүрекжарды лебіздерін білдіре отырып, жыр-жинақтарын мектеп кітапханасына тарту етті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены