← Назад к новостям
4 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы

4 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы

16mektep
12.12.2019 в 23:22
467 просм.
Нет комментариев

Бүгін 12.12.2019 жылы Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі түрде 4 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өтті.

Оқушылардың орындауында сахнадан Қазақстанның рухани байлығының жарқын беттері, Отанға деген үмітке, оптимизмге және терең махаббатқа толы болып табылатын әндер шырқалды. Сөз сөйлеулер әсерлі, ойластырылған, есте қаларлық болды. Бұл іс-шараға оқушылар үлкен ықыласпен және ынтамен дайындалған!  Осы күні айтылған әндер ең жақсы адами сезімдерді - Отанға, туған өлкеге, жақын адамдарға деген сүйіспеншілікті, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды қозғады. Қазылар алқасының құрамына №1 өнер мектебінің әдіскері Оспанғалиева Гүлназ Оралханқызы, №8 орта мектебінің психологы Токушева Шолпан Қияшевна кірді. І орынды 4 "Л" сынып жетекшісі С. С. Шешимбаева, 2 орынды 4 "А" сынып жетекшісі Ш. С. Әбдікәрімова, 3 орынды 4 "Ә" сынып жетекшісі С. Оразай иеленді.

Автор: 16mektep · 12.12.2019
467
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT