Меню KDT
Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл

8-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.


12.12.19 жылы №7 мектеп - гимназиясында бүкіл парасатты ғұмырын туған елінің жарқын болашағы үшін сарп еткен ұлы жазушы, асқан білімпаз, ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай 8 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Ол қазір жанымызда болмаса да, жадымызда. Оның қаламынан туындаған рухани мол мұрасы, егемен елдіктің шаңырағын тіктеп, іргесін бекітудегі, ұлт рухын үстеудегі игі істері мен көсем сөздері мәңгі ұмытылмақ емес. Бұл күндері күллі Қазақ елі адамзаттың Әбіші атанған ұлы тұлғасын ұлықтау, өнегесін парықтау үстінде.
Әбіш Кекілбаев халқымыздың намысын қорғаған, ұлтының ұлағатын ту еткен, елім деп еңіреген есіл ердің нақ өзі! Кекілбайұлы секілді кемеңгер, тау тұлғаларымыз көп болғай!








Комментариев нет
300 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 12.12.2019 в 20:19

Возможно вас заинтересует...!