Спорт –денсаулық кепілі.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті – оқушылардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Осыны ескерте отырып біздің мектепте сабақтан тыс спорт секциялары жүргізіледі. Әр оқушы өз қалаған бағытты таңдай алады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены