№72 мектеп-лицейінде 2019 жылдың 29 қараша күні Қазақстан Республикасы «Қазіргі Қазақстан Елбасшы Көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаты өтті.
№72 мектеп-лицейінде 2019жылдың 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасшы Көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылардың бойына көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың қызметі туралы білім алушылардың білімін кеңейту мақсатында үлкен кездесу өткізілді. Кездесуге Тұңғыш Президент қызмет атқарған жылдары Қазақстанның мәдениет саласына үлкен үлес қосқан, Қазақстан Республикасының атақты композиторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Сыйлығының Лауреаты, қоғам қайраткері Мухамеджанов Толеген Мухамеджанұлы және белгілі қазақ опера әншісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Сыйлығының Лауреаты Усенбаева Нуржамал Пернебековнамен кездесу өтті. Бүгінгі болған кездесуде билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпаққа тереңірек біліп түсінуге қонақтарымыздың ықпалы тереңірек болды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены