← Назад к новостям
«Біз-табиғат қорғаны»

«Біз-табиғат қорғаны»

b0151skobilim
09.12.2019 в 17:28
790 просм.
Нет комментариев

  Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі.Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» егіз ұғым қалыптасқан.Жерді өз анасындай,Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап,қоршаған ортаның,өзен-мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп,жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.Табиғатты қорғау,табиғатты болашақ жастар біздің қолда.

 «Сулыкөл бастауыш мектебі» КММ-де 2019 жылы қазанның 8-і  күні мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен жас ұрпақты туған жер табиғатының әсемдігін сақтауға,сүюге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Біз-табиғат қорғаны» атты тәрбие сағаты өтті.Оқушылар табиғат жайлы бейнебаян көріп,топтық және жеке жұмыстар жүргізілді.Оқушылар сабаққа қызығушылықпен,белсенді қатысты.Сабақтың соңында табиғат жайлы өлең мен әндер айтылды. Ата-аналар «Тілек шамы» арқылы өз ойларын,тілектерін білдірді.

  Таза болса табиғат-аман болар адамзат, -дегендей табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,алтын ұя бесігі,құт берекесі.Адам баласы-Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін ешкім ешқашан естен шығармауымыз керек.

Автор: b0151skobilim · 09.12.2019
790
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT