← Назад к новостям
«Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» атты коучинг

«Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» атты коучинг

b0619skobilim
04.12.2019 в 12:05
556 просм.
Нет комментариев

2019 жылдың 4 желтоқсан күні Преснов жалпы орта білім беру мектебінде «Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» атты коучинг өтті. Өтізген бастауыш сынып мұғалімі Кадырова Н.К.
Коучингтің мақсаты: пікір алмасу барысындағы тең құқылы, ынтымақты серіктестік құру. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігі айқындалады және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беріледі.
Коучинг жұмысына 22 мұғалім қатысты. Коучинг екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімінде мұғалімдер Lesson Study-дің жаңа педагогикалық тәсілі туралы, оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында осы әдісті қолдану туралы білді.Практикалық бөлімде мұғалімдер Lesson study өткізу алгоритмін құрастырып, оны таныстырып,қорғады.Соңында Lesson study әдісі бойынша сабақтар өткізуге ниет білдірген ынталы мұғалімдер тобы анықталды. Ол 9-сыныпқа беретін барлық гуманитарлық және математикалық пәндер мұғалімдері.

Автор: b0619skobilim · 04.12.2019
556
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT