АҚЫН АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВПЕН КЕЗДЕСУ
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде еліміздің ең елеулі мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру мақсатындағы «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыс ақтаңгері ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаймен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ақынмен жүздесе отырып, өмір мен өнер, жастық шақ пен жаңа заман, ұлттық тәрбие мен ел бірлігі жайында әңгіме тарқатылды. Ақынмен сырласу тыңдарманын қияға алып шығып, қанаттандырды. Оқушылар Аманжол Әлтайдың «Кешірім», «Тоқтар ағаға» , т.б. өлеңдерін оқып, көкейде туындаған сұрақтарын да қойды. Оқушылар тарапынан «Бала күніңізде кітапты көп оқу тілдік қорыңыздың жетілуіне септігін тигізген шығар. Мектепте әдебиеттен тек «беске» оқыдыңыз ба? Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма? Өнердегі алғашқы жеңісіңіз қандай? Айтыскерлерден кімдерді бағалайсыз?Айтыста қарсыласына жол беру дәстүрін сізден көрдік. Жол беру азаматтыққа тән мәрттік пе?» секілді сұрақтарға күлімсірей жауап берген ақынның бойынан азаматтығы көзге ұрып тұрды.
Кездесу кешінің соңына қарай қонағымызға «ауылдың алты ауызынан» қолқа салынып, 10-сынып оқушысы Ибрагим Ерболаттың кеш бойы салған «Ақын бейнесі» тарту етілді.
Кештің оқушылар үшін маңызы зор, мазмұны терең дүние ретінде есте қалары сөзсіз. Осындай шараны ұйымдастыруда әдебиет пен сөз өнерінің қадірін білер әріптестеріміз Айгүл Шаяхметқызы мен Ботагөз Абылқасымқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены