Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен 2019 жылғы 29 қарашада «Туризм менеджменті және қонақ үй шаруашылығының бизнесі» кластері аясында «Үздік авторлық әзірлеме» қалалық байқауы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен 2019 жылғы 29 қарашада «Туризм менеджменті және қонақ үй шаруашылығының бизнесі» кластері аясында «Үздік авторлық әзірлеме» қалалық байқауы өтті.
Бұл байқауға Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіптік және техникалық білім мекемелерінің ең үздік деген авторлық әзірлеме дайындаған оқытушылар қатысты.
Байқау барысында әзірлемелерді құру бойынша кәсіби педагогикалық қызметтің озық тәжірибесін көрсете отырып, өз жұмысының өзектілігін дәлелдеп, тиімділігіне көз жеткізген оқытушылар жүзден жүйрік танылып, арнайы дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда: 1 дәрежелі диплом – Политехникалық колледждің арнайы пән оқытушысы Утегенов Султан Кайрбекович, 2 дәрежелі диплом – Көпбейінді колледждің арнайы пән оқытушысы Жумабаева Гульзат Тулендиевна, 3 дәрежелі диплом - Политехникалық колледждің арнайы пән оқытушысы Проценко Оксана Дияшевна жүлделі орындарға ие болды.
Бүгінгі таңда заманауи оқытудың озық үлгісін жасап, тарату мақсатында өткізілген осы байқауға қазылық еткен Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Р.А.Шаяхановаға, Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы А.Е.Рахметоваға, «Зияткер» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының бас редакторы және құрылтайшысы Ж.Какейге, Тұрн-Астана университетінің Қызмет көрсету, туризм және дизайн кафедрасының меңгерушісі, сала бойынша доктор А.А.Жунусоваға, «Сұңқар» қонақүйінің менеджері, әлеуметтік серіктес А.У.Абетоваға ұжым атынан алғысымыз шексіз.Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены