Меню KDT
Домбыра үйірмесі

Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп,домбыраға деген оқушының рухани байлығын арттыру және ұлттық аспап туралы түсінік беру мақсатында домбыра үйірмесінде үйренуде. Ұлттық аспаптың сауатын арттыру, аспапта ойнау, шеберліктерін шыңдау есте сақтау,ырғақ,есту қабілеті шыңдалады. Домбыра үйірмесінде аспаптың құрылысын,дыбыс бояуын түсіндіріп, таныстыру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Музыкалық шығармалар, ән мен күйлер арқылы оқушының ой өрісін дамытып, домбыра тарихын білуге қызығушылығын оятып, техникасын меңгертеді.Оқушылар үйірмеде өнерге қызығушылықтарын танытады.


«Домбыра тартуды алғаш үйрену»
Домбыра үйірмесінің жетекшісі:Рахимова З.Т.


Мақсаты:Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп,домбыраға деген оқушының рухани байлығын арттыру.Ұлттық аспап туралы түсінік беру.
Міндеті:Ұлттық аспаптың сауатын арттыру,аспапта ойнау,шеберліктерін шыңдау есте сақтау,ырғақ,есту қабілеті,зейн түйсіну т.б.
Біліктілік:Домбыра аспабының құрылысын,дыбыс бояуын түсіндіру,шығармалармен күйдің түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұлттық өнерді сүйюге,ұлттық аспаптарды қадірлеуге үйрету,ұлттық өнерге бейімдеу.
Дамытушылық:Музыкалық шығармалар,күйлер арқылы оқушының күй ой өрісін дамыту.Домбыра тарихын білуге деген қызығушылығын ояту,техникасын меңгеру.
Күтілетін нәтиже:Дұрыс бағытта оқытылып үйренген оқушы.
Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар.
Сабақ барысы:
1-Ұйымдастыру
2-Үй тапсырмасын тексеру
3-Сергіту сәті
4-Жаңа тақырып
5-Бекіту
6-Қортындылау
а)Ұлттық аспап туралы түсінік
ә)Нотаны санап,қағысты меңгеру
б)Динамика және оның белгілері
в)Екпіндер,тыныс белгілері
1)Шығарманы бірге тартып санап ойнау.
2)Жаңа сабақты бекіту
3)Бағалау
4)Үй тапсырмасын беру.
Сабатың өту барысы: Сәлемдесу.
Үй тапсырмасы: Домбыраның құрылысын айтып шығу.Пернедегі ноталарды жаттап келу. Әр нотаның ұзақтығын жатқа айту. Украин халық әні «ой, за гаем,гаем» шығармасын жатқа тартып ойнау.
Сергіту сәті:
М-Динамикалық белгілерді көрсетіп жатқа айт.
О-Оқушы көрсетіп жатқа айтады.
М-Тыныс,пауза белгілерін көрсетіп жатқа айт.
О-Карточкадан көрсетеді.
Жаңа сабақ .
Домбыраның ойнау дағдылары.
Домбырашының дұрыс отырысы, екі қолдың қойылымы, перне басып ойнау, дұрыс ұстау, есту қабілетін дамыту, нотаны үйрету ,нотаны ойнау, ырғақты ойнау, ырғақты меңгеру , қағыс түрлерін үйрену.
Сол қолдың саусақтарын дұрыс қою.Екі ішекті ноталарды ойнау дағдылары өлшемдегі дұрыс ойнау дағдысы,паузаларды санап ойнау,нүктелі ноталарды ойнау дағдылары.
Ән: «Бағай -бағай»
Бекіту: Ең кеңінен таралған аспап?
Домбырада не орындалады?
Домбыра аспабынаң құрылымын атап айту?
Ән мен күйдің айырмашылығы неде?
Бағалау:
Қортынды: Әннің қағыстарын дұрыс ойнап, санап күйдің бірінші бөлігін жаттап келу. Өткен шығарманы қайталау.

Теги:  үйірме

Комментариев нет
335 просмотров
Автор: b0515skobilim
Добавлено: 05.12.2019 в 13:29

Возможно вас заинтересует...!