Меню KDT
«ПАТША СӨЗДІҢ ФАРИЗАСЫ»

«ПАТША СӨЗДІҢ ФАРИЗАСЫ»
26 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай,  бастауыш сынып оқушыларымен «Патша сөздің Фаризасы»  атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мектепішілік байқауға он бір оқушы қатысып, сөз мәнері бойынша өзіндік деңгейлерін көрсетті.
Байқауға төмендегідей педагогтар әділ қазылық етті:
1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  - Курсанова Бахыт Кабылдаевна.
2.Мектебіміздің жоғары сыныптары  бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі - Серимбетова Арайлым Ахылбаевна.
3.Мектебіміздің орта  буыны бойынша қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  - Сайлауова Гүлім Даниярқызы
Мәнерлеп оқу байқау нәтижесі бойынша І орынды  «Қыз Жібектің соңғы сөзі» өлеңімен 3 «Б» сынып оқушысы Қайыржан Іңкар, ІІ орынды «Ана» өлеңімен 4 «Ә» сынып оқушысы Жамалбек Назым,  ІІІ орынды  «Туған жер» өлеңімен 3 «А» сынып оқушысы Биғазыұлы Еларыс иеленді. Өлеңді нақышына келтіріп мәнерлеп оқығаны үшін  4 «Д» сынып оқушысы Абай Айқынға алғыс жарияланды.
Байқау барысында қазақты қара домбырасынан күй ойналып, ән салынды, қазақтың биі биленіп, жыры төгілді. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы еңбектері үшін бастауыш сынып мұғалімдері Күміс Қырықбайқызы мен Замира Мұхтарханқызына алғыс білдіреміз.

Комментариев нет
347 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 26.11.2019 в 22:52

Возможно вас заинтересует...!