СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!
КІШКЕНТАЙ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде спортқа жаны құмар шәкірттеріміз мол. Солардың бірі 4"а" сынып оқушысы Фархат Қуандық. Алты жасынан жан-жақты каратэмен айналысып келе жатқан Қуандықтың бұған дейін де жарыстардан үнемі жеңіспен оралып жүргенін білеміз. Бүгінгі жеңіс - ерекше жеңіс. 11 мемлекет қатысқан Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер турнирінде Фархат Қуандық АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ атанып келді. "Баласы бәйгеге қосылса, анасы үйде отырып тақымын қысады" дейді қазақ. Әріптесіміз Куляш Эсалиевнаны бауыр еті баласының бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, 9 жасар чемпион шәкіртіміздің алар асулары көп болсын дейміз. Қуандықтың бүгінгі қуанышын бөлісе отырып, барлық педагогикалық ұжымның атынан "Жарайсың, Қуандық! Көк байрағымызды желбіреткен жеңісің құтты болсын!" дейміз.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены