← Назад к новостям
Абайдың 170 жылдығы

Абайдың 170 жылдығы

16mektep
14.11.2019 в 15:21
509 просм.
Нет комментариев

Бүгін қарашаның 14-і Нұр- Сұлтан қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте : 8 «А», «Б», «В», «Г» сынып оқушылары ұлы ғажайып  таланттың иесі, қасиетті де, аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы – Абайдың 175 жылдығына орай  сыр шертті

Іс-шараның мақсаты:

-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.

-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.

-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

  • 8 «А» сынып оқушылары Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін оқыды.
  • «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» бөлімінен үзіндіден «Біржан сал Абай ауылында»  деген тақырыппен 8 «Б» сыныбы көрініс.
  • «Шегіртке мен Құмырсқа» 8 «г» сыныбы сахналық көрініс.
  • 8 В сынып оқушылары Абадың 7 қара сөзінен сахналық көрініс.
  • 8 «З» сынып атынан Ахметтің анасы Ахметова Гульнар «Көзімнің қарасы» өлеңін орындады

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларына сіңіріп, білімдерін толықтырды.

 

Автор: 16mektep · 14.11.2019
509
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT