Меню KDT
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" ӘН БАЙҚАУЫ

Бүгін 2019 жылдың 30 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылар мен ұстаздар


Бүгін 2019 жылдың 30 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты орнату және шығармашылық қолдау көрсету мақсатында "Екі жұлдыз" ән байқауы болып өтті. Байқауға әр бірлестіктен бір ұстаз бен оқушы өнер көрсетті. Әр жұп алдын ала берілген "Ретро әндері" тақырыбында жанды дауыста ән орындады. Байқау ережесіне сәйкес төменгі ұпай жинаған жұптар жобадан шықты. Жоғары деңгейде өткізілген бұл байқау барша ұстаздар мен оқушылардың көңілдерінен шықты. Байқауға батылдық танытып қатысқан барша ұстаздар мен оқушыларға алғыс айта отырып, келесі кезеңге жолдама алған жұптарға сәттілік тілейміз. Келесі кезеңде жұптарымыз "Заманауи" әндерді орындайтын болады.

 

  
 
 


Комментариев нет
479 просмотров
Автор: 40mektep
Добавлено: 30.11.2019 в 14:00

Возможно вас заинтересует...!