«27 мектеп аруы» атты мектепшілік сұлулық байқауы


ҚР Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында № 27 мектеп-лицейдің «Әкелер одағы» мектепшілік «27 мектеп аруы» сұлулық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – қыздарымыздың сұлулығын паш ету, эстетикалық тәрбие беру, жастардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Сайыс жас ерекшеліктеріне қарай 6-8 және 9-11 сынып қыздары арасында өтті. Байқауға қатысу үшін қыздарымыз өздерін таныстыру, аспаздық және шығармашылық сайыстан тұратын турларда өнер көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 6-8 сыныптар арасында «27 мектеп аруы» атағына Беркбулатова Аселя (8 «Е»)ие болды, 2 орын Воробьева Галина (6 «Б»), 3 орынды Рожкова Анастасия(6 «Е») қанағат тұтты. Зен Айдана (6 «В») «Аспазшы ару», Рожкова Анастасия (6 «Е») «Талантты ару» номинациясын жеңіп алды. 9-11 сыныптар арасында 1 орынға Чуватаева Самира (9 «Е»), 2 орын Нугманова Алия (10 «Б»), ал 3 орынға Клеванова Алина (10 «Л») ие болды. 1,2,3 орындар алған қатысушыларымыз мадақтама және сыйлықтарға ие болса, қалған қатысушы қыздарымыз алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз! Мектеп әкімшілігі «Әкелер одағын» байқауды ұйымдастырып өткізгені үшін алғыс білдіреді!
Автор: 27mektep
Добавлено: 03.12.2019 в 09:07