Меню KDT
Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, өскелең ұрпақты өз халқын, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, өмірдің жоғары жауапкершілігі


Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, өскелең ұрпақты өз халқын, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, өмірдің жоғары жауапкершілігі мен Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жоғары сезіммен үйлесімділікке тәрбиелеу мақсатында  №52 мектеп-гимназиясында «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар, 3-сыныптарды «Жас Қыран» ұйымына қабылдау, ақын, қоғам қайраткері Жұма-Назар Сомжүрекпен кездесу өтті. Әр түрлі формада өткізілген бірыңғай сабақтар оқушы бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруға өз септігін тигізді.
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиет сыншысы Жұма-Назар Сомжүрек мырза 3-сыныптарды «Жас Қыран» ұйымына  қабылдау  салтанатты жиынына қатысып, жас жеткіншектердің болашақ игі істеріне сәттілік тіледі. Кездесу барысында ақын ағамыз оқушыларға Елбасының көшбасшылығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, поэзияны түсінетін оқырман, мамандық жайындағы ой-пікірлерімен бөлісті. Кеш барысында ақын ағамыздың туған жер тақырыбындағы өлеңдері оқылып, өлеңдеріне жазылған әні шырқалды. Кеш соңында кездесуге қатысқандармен бірге естелік суретке түсті.
 


Комментариев нет
422 просмотров
Автор: 52mektep
Добавлено: 03.12.2019 в 08:00

Возможно вас заинтересует...!