Меню KDT
Елбасы-Көшбасшы

Қазақтың  Тұңғыш  президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.



   Қазақтың  Тұңғыш  президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
   Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен атаймыз! 29 қараша күні мектебімізде еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Заманауи Қазақстан  Елбасының Көшбасшылығы» тақырыбы аясында 1-11 сыныптар арасында  бірыңғай  республикалық сабақтары өткізілді. Елбасының өмірбаяны, отбасы, еңбек жолының басталған кезі мен осы уақыт аралығында атқарған еңбектері туралы айтылды,бейнежазба көрсетілді. Егемен еліміздің  саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?-деген сұраққа оқушыларымыз Білім алу, Отанды сүю, Ана тілін сүю, құрметтеу,Ұлтжанды азамат болу, Ұлттық рухымыз  берік болу, Денсаулығымыз мықты, салауатты ұрпақ болу, Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу деген жауаптар берді.
   Бірыңғай  республикалық сабақтары қ орытындысында: «Елбасының айтқан ойымен аяқталды“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”     Н. Ә. Назарбаев.

      



      


    


      


Комментариев нет
293 просмотров
Автор: b0828skobilim
Добавлено: 29.11.2019 в 16:25

Возможно вас заинтересует...!