Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктірген Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Осы мерке қарсаңында №15 мектеп-лицейінде 2019ж 29.11. күні №15 мектеп-лицейінде мектеп оқушыларының қатысуымен «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛ АҒА, НҰР СЫЙЛАҒАН ХАЛҚЫНА» атты мерекелік тарихи- танымдық сағаты өткізілді. Мерекелік тарихи- танымдық сағатқа келген қонақтар:
1.««Рухани жаңғыру» Қазақсандық қоғамдық даму институты» КАҚ «Рухани жаңғыру» орталығы «Ideas Hub» креативтік идеяларды іске асыру басқармасының сарапшы - менеджері Малгараева Зәуре Боранқұлқызы;
2.Хабар 24 арнасының тележүргізуші, ақын-Зейнулин Жамбыл;
3.Журналист, ақын -Каргожин Ардақ.
Оқушылар сынып сағатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек еңбек жолында атқарған келелі істерімен таныстырылды. Н.Ә.Назарбаев бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын тұлға екендігін айтылып, Елбасы туралы фильм көрсетілді.
9 «А» сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанан бергі өткен қиыншылықтары мен жеткен жетістіктері жайлы және Елбасы туралы толық мағлұмат берді. 11 «А» сынып оқушылары «Елбасы жолы-дара жол» атты шағын қойылым көрсетті. Іс-шара барысында Елбасының шығарған әндері мен сүйіп тыңдаған әндері орындалды.
Келген қонақтармен «Еркін микрафон» сәті де өткізілді.
Қонақтар оқушылармен сұхабаттасып, сұрақ-жауаптар жүргізіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында мектеп директоры Б. Жаркенов қала бойынша өткен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты «Көшбасшы оқушысы-2019» сайысының 2 орын жүлдегері Балықберді Аружанды құттықтады және мектебіміздің Ұланбасы Бақберген Нұрдаулет Энерияны үнемдеу мақсатында өткен II Халықаралық форумға қатысқаны және олардың жетістіктері туралы айтып өтті. Мерекелік іс-шара өте жоғары дәрежеде өтті.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены