← Назад к новостям
«Тәуелсіздіктің нұры - тұңғыш елбасы»

«Тәуелсіздіктің нұры - тұңғыш елбасы»

48mektep
29.11.2019 в 14:04
467 просм.
Нет комментариев

2019 жылдың 28 қарашасында № 48 мектеп-лицейде «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш елбасы» тақырыбында барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларды  ұлтжандылыққа, рухани  адамгершілікке, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің акт залында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының оқутушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген  Садықұлы қонаққа келді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  өмірі  мен  шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер, балалық шақтағы өмір жолынан бастап ,ел басқаруға дейінгі басып өткен әрбір кезеңдері туралы айтылды. Ерінбей еткен еңбегі  мен төккен тердің зая кетпейтіндігін ,әрбір  жасаған бейнеттің, зейнеті болатындығы жөнінде  бейнебаян көрсетілді. Оқушыларымыз тұңғыш Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екендігін, сонымен қатар елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан дара тұлға екенін түсінетіндері, елбасы жайлы қойылған әрбір сұрақтарға жауап бергендерінен көрінді. Осындай игі істер жалғасын таба берері сөзсіз.

Автор: 48mektep · 29.11.2019
467
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT