Меню KDT
Aýdandyq «PARASATTY OTBASY»

2019 jylǵy 16 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Saryarqa aýdany ákіmdіgіnіń uıymdastyrýymen aýdandyq «PARASATTY OTBASY» baıqaýy óttі. 


AÝDANDYQ «PARASATTY OTBASY» BAIQAÝYNYŃ JEŃIMPAZDARY ANYQTALDY.
2019 jylǵy 16 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Saryarqa aýdany ákіmdіgіnіń uıymdastyrýymen aýdandyq «PARASATTY OTBASY» baıqaýy óttі. Irіkteý ótken 4 otbasy qatysyp, baıqaýda baq synasty. Atap aıtar bolsaq, Aıtımovtar, Nýrtazınder, Baıqońyrovtar jáne Meńdіqulovtar otbasy. Baıqaý tanystyrý, óz ónerі jáne qolóner buıymdary boıynsha 3 kezeńnen turdy. Nátıjesіnde, qazylar alqasy men kórermendіń bіraýyzdan kelіsіmі boıynsha «Parasatty otbasy» baıqaýynyń I orynǵa Baıqońyrovtar, II oryndy Aıtımovtar jáne Nýrtazınder otbasy, al, III orynǵa Meńdіqulovtar otbasy laıyqty dep tanyldy. Saryarqa aýdany ákіmі apparatynyń, Bіlіm bólіmіnіń basshysy A. Nurjanova baıqaýǵa belsene qatysqan otbasylyq toptar men qatysýshylardy qoldaýǵa kelgen ata-analarǵa, kórermenderge alǵysyn bіldіrіp, jeńіmpazdardy Gramotalarmen marapattady. Shara sońynda qatysýshylar men zaldaǵy kórermender de baıqaýdyń erekshe kóńіl kúı syılaı bіlgendіgіn atap óttі.
АУДАНДЫҚ «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.
2019 жылғы 16 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» байқауы өтті. Іріктеу өткен 4 отбасы қатысып, байқауда бақ сынасты. Атап айтар болсақ, Айтимовтар, Нуртазиндер, Байқоңыровтар және Меңдіқұловтар отбасы. Байқау таныстыру, өз өнері және қолөнер бұйымдары бойынша 3 кезеңнен тұрды. Нәтижесінде, қазылар алқасы мен көрермендің бірауыздан келісімі бойынша «Парасатты отбасы» байқауының І орынға Байқоңыровтар, ІІ орынды Айтимовтар және Нуртазиндер отбасы, ал, ІІІ орынға Меңдіқұловтар отбасы лайықты деп танылды. Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының, Білім бөлімінің басшысы А. Нұржанова байқауға белсене қатысқан отбасылық топтар мен қатысушыларды қолдауға келген ата-аналарға, көрермендерге алғысын білдіріп, жеңімпаздарды Грамоталармен марапаттады. Шара соңында қатысушылар мен залдағы көрермендер де байқаудың ерекше көңіл күй сыйлай білгендігін атап өтті.





Комментариев нет
461 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 16.11.2019 в 15:56

Возможно вас заинтересует...!