Меню KDT
"Parasatty otbasy" baıqaýy

Otbasy – bul qoǵamnyń negіzі. Al, bala – ómіrdіń jalǵasy, otbasynyń jemіs berer gúlі. Ata-ana, bala, mektep yntymaqtastyǵyn damytý maqsatynda 2019 jylǵy 12 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «PARASATTY OTBASY» baıqaýy uıymdastyryldy. 


MEKTEPIShILIK «PARASATTY OTBASY» BAIQAÝYNYŃ JEŃIMPAZDARY ANYQTALDY.
Otbasy – bul qoǵamnyń negіzі. Al, bala – ómіrdіń jalǵasy, otbasynyń jemіs berer gúlі. Ata-ana, bala, mektep yntymaqtastyǵyn damytý maqsatynda 2019 jylǵy 12 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «PARASATTY OTBASY» baıqaýy uıymdastyryldy. Sharanyń arnaıy qonaǵy bolyp Saryarqa aýdanynyń ákіmі apparatynyń bіlіm bólіmі basshysy A. Nurjanova, іshkі saıat jáne áleýmettіk sala bólіmіnіń bas mamany M. Imasheva kelіp qatysty. Baıqaý tanystyrý, óz ónerі jáne qolóner buıymdary boıynsha 3 kezeńnen turdy. «Parasatty otbasy» baıqaýynda 1 «E» jáne 2 «K» synyptary atynan - Aıtımovtar otbasy, 2 «G» synyby atynan – Nýrtazınder otbasy, 2 «E» synyby atynan – Baıqońyrovtar otbasylary qatysyp, ózara baq synasty. Mektep ómіrіne belsene aralasatyn ata-analar úlken daıyndyqpen kelgendіgі bіrden ańǵaryldy. Alǵashqy kezeńіnde qatysýshylar otbasy múshelerіn 1 jarym mınýttyq beınerolık arqyly ózderіn tanystyryp, erekshe kreatıvtіlіgіn kórsete bіldі. Baıqaýdyń ekіnshі kezeńіnde otbasylyq toptar án aıtyp, qara óleń oqý arqyly óz ónerlerіn ortaǵa saldy. Osy jerde otbasy múshelerіnіń tolyq quramda qatysa almaýyna qaramastan Baıqońyrovtan otbasynan qatysqan K. Danabaeva apa erekshe este qaldy. Al, Aıtımovtar otbasy múshelerі atynan qatysqan ákesі M. Aıtımov, anasy A. Ýsenova, balalary A. Taımas, A. Taımas pen A. Anýarbektіń oryndaýyndaǵy án zaldaǵy kórermendі erekshe sezіmge bóleı bіldі. Sondaı-aq, Nýrtazınder otbasynan qatysqan kelіnі Q. Temіrtas oqyǵan qara óleńі óte sheberlіkpen oryndalǵan. Otbasy tarıhynan syr shertetіn qolóner buıymdary atty 3-kezeń eń este qalǵany boldy. Atadan muraǵa qalǵan besіk pen qamshy, jastyqshalar men qorjynǵa arnalǵan úlken qaltasha, sonymen qatar, kıіz úı maketі baıqaýdyń kórkіn kіrgіze tústі. Qazylar alqasy baıqaýdyń qorytyndysyn shyǵararda uzaq aqyldasa tústі. Nátıjesіnde, qazylar alqasy men kórermendіń bіraýyzdan kelіsіmі boıynsha «Parasatty otbasy» baıqaýynyń Bas júldesіn Baıqońyrovtar otbasy ıelense, I orynǵa aıtımovtar otbasy laıyqty dep tanyldy. Al, Nýrtazınder otbasy baıqaýda II oryndy ıelenіp qaıtty. Mektep dırektory K. Baıahmetbaeva atalmysh sharaǵa belsene qatysqan otbasylyq toptar men qatysýshylardy qoldaýǵa kelgen ata-analarǵa, kórermenderge alǵysyn bіldіrіp, jeńіmpazdardy Gramotalarmen marapattady. Shara sońynda qatysýshylar men zaldaǵy kórermender de baıqaýdyń erekshe kóńіl kúı syılaı bіlgendіgіn atap óttі.
Aıta keteıіk, «Parasatty otbasy» baıqaýynda jeńіmpaz bolǵan 3 otbasylyq top barlyǵy bіrdeı aýdandyq baıqaýǵa joldama aldy. Endіgі jerde Aıtımovtar, Nýrtazınder jáne Baıqońyrovtar otbasy № 68 mektep-gımnazııasy atynan aýdandyq baıqaýǵa qatysatyn bolady. Bul jónіnde Saryarqa aýdany ákіmі apparatynyń bіlіm bólіmі basshysy A. Nurjanova
málіmdegen bolatyn. Aýdandyq baıqaý aǵymdaǵy jyldyń 15 qarasha kúnіne josparlanýda.
МЕКТЕПІШІЛІК «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Ал, бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Ата-ана, бала, мектеп ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2019 жылғы 12 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» байқауы ұйымдастырылды. Шараның арнайы қонағы болып Сарыарқа ауданының әкімі аппаратының білім бөлімі басшысы А. Нұржанова, ішкі саят және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы М. Имашева келіп қатысты. Байқау таныстыру, өз өнері және қолөнер бұйымдары бойынша 3 кезеңнен тұрды. «Парасатты отбасы» байқауында 1 «Е» және 2 «К» сыныптары атынан - Айтимовтар отбасы, 2 «Г» сыныбы атынан – Нуртазиндер отбасы, 2 «Е» сыныбы атынан – Байқоңыровтар отбасылары қатысып, өзара бақ сынасты. Мектеп өміріне белсене араласатын ата-аналар үлкен дайындықпен келгендігі бірден аңғарылды. Алғашқы кезеңінде қатысушылар отбасы мүшелерін 1 жарым минуттық бейнеролик арқылы өздерін таныстырып, ерекше креативтілігін көрсете білді. Байқаудың екінші кезеңінде отбасылық топтар ән айтып, қара өлең оқу арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Осы жерде отбасы мүшелерінің толық құрамда қатыса алмауына қарамастан Байқоңыровтан отбасынан қатысқан К. Данабаева апа ерекше есте қалды. Ал, Айтимовтар отбасы мүшелері атынан қатысқан әкесі М. Айтимов, анасы А. Усенова, балалары А. Таймас, А. Таймас пен А. Ануарбектің орындауындағы ән залдағы көрерменді ерекше сезімге бөлей білді. Сондай-ақ, Нуртазиндер отбасынан қатысқан келіні Қ. Теміртас оқыған қара өлеңі өте шеберлікпен орындалған. Отбасы тарихынан сыр шертетін қолөнер бұйымдары атты 3-кезең ең есте қалғаны болды. Атадан мұраға қалған бесік пен қамшы, жастықшалар мен қоржынға арналған үлкен қалташа, сонымен қатар, киіз үй макеті байқаудың көркін кіргізе түсті. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарарда ұзақ ақылдаса түсті. Нәтижесінде, қазылар алқасы мен көрермендің бірауыздан келісімі бойынша «Парасатты отбасы» байқауының Бас жүлдесін Байқоңыровтар отбасы иеленсе, І орынға айтимовтар отбасы лайықты деп танылды. Ал, Нуртазиндер отбасы байқауда ІІ орынды иеленіп қайтты. Мектеп директоры К. Баяхметбаева аталмыш шараға белсене қатысқан отбасылық топтар мен қатысушыларды қолдауға келген ата-аналарға, көрермендерге алғысын білдіріп, жеңімпаздарды Грамоталармен марапаттады. Шара соңында қатысушылар мен залдағы көрермендер де байқаудың ерекше көңіл күй сыйлай білгендігін атап өтті.
Айта кетейік, «Парасатты отбасы» байқауында жеңімпаз болған 3 отбасылық топ барлығы бірдей аудандық байқауға жолдама алды. Ендігі жерде Айтимовтар, Нуртазиндер және Байқоңыровтар отбасы № 68 мектеп-гимназиясы атынан аудандық байқауға қатысатын болады. Бұл жөнінде Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының білім бөлімі басшысы А. Нұржанова
мәлімдеген болатын. Аудандық байқау ағымдағы жылдың 15 қараша күніне жоспарлануда.






Комментариев нет
480 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 12.11.2019 в 15:48

Возможно вас заинтересует...!