Saıysqa Nur-Sultan mektepterі іshіnen 85 úmіtker qatysqan bolatyn. 2 іrіkteý kezeńіnen ótken 14 oqýshy aqtyq márege joldama aldy
NUR-SULTAN MEKTEPTERI ARASYNDA ÓTKEN QALALYQ «SÓZ ShEBERI» BAIQAÝYNYŃ AQTYQ MÁRESINDE MEKTEP TÚLEGI JÚLDEGER ATANDY.
2019 jylǵy 11 qarasha kúnі M. Ótemіsuly atyndaǵy oqýshylar saraıynda ótken qalalyq «Sóz sheberі» júrgіzýshіler saıysy óz máresіne jettі. Saıysqa Nur-Sultan mektepterі іshіnen 85 úmіtker qatysqan bolatyn. 2 іrіkteý kezeńіnen ótken 14 oqýshy aqtyq márege joldama aldy. Onyń іshіnde 4 oqýshy 9-12 jas aralyǵynda, 10 oqýshy 13-16 jas aralyǵynda ózara synǵa tústі. Saıyskerlerdіń ónerіne baǵa beretіn ádіl qazylar quramy da atalmysh sharanyń mazmunyna saı jasaqtalǵan. Máselen, qazaq radıosy, tele arna júrgіzýshіlerі men jýrnalısterі ádіl qazy retіnde qatysty. Atalmysh saıysqa Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasy atynan 11 «Á» synyp oqýshysy Sh. Uzaqbaeva qatysqan bolatyn. Qalalyq deńgeıde ótken saıystyń aqtyq máresіne súrіnbeı ótken túlegіmіz, saıys nátıjesі boıynsha III-oryndy qanaǵat tutty. Aıta keteıіk, Shapaǵat mekteptіń qoǵamdyq ómіrіne belsene aralasyp keledі. Qalalyq, respýblıkalyq deńgeılerde ótken baıqaýlardyń jeńіmpazy. 2018-2019 oqý jylynda «Jas Ulan» uıymyna jetekshіlіk etіp, uıym jumysyn utymdy uıymdastyra bіldі. Mektep abyroıyn asqatata bіlgen túlegіmіzge alar asýlaryńyz kóp bolsyn deımі
НҰР-СҰЛТАН МЕКТЕПТЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ҚАЛАЛЫҚ «СӨЗ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АҚТЫҚ МӘРЕСІНДЕ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
2019 жылғы 11 қараша күні М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткен қалалық «Сөз шебері» жүргізушілер сайысы өз мәресіне жетті. Сайысқа Нұр-Сұлтан мектептері ішінен 85 үміткер қатысқан болатын. 2 іріктеу кезеңінен өткен 14 оқушы ақтық мәреге жолдама алды. Оның ішінде 4 оқушы 9-12 жас аралығында, 10 оқушы 13-16 жас аралығында өзара сынға түсті. Сайыскерлердің өнеріне баға беретін әділ қазылар құрамы да аталмыш шараның мазмұнына сай жасақталған. Мәселен, қазақ радиосы, теле арна жүргізушілері мен журналистері әділ қазы ретінде қатысты. Аталмыш сайысқа Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясы атынан 11 «Ә» сынып оқушысы Ш. Ұзақбаева қатысқан болатын. Қалалық деңгейде өткен сайыстың ақтық мәресіне сүрінбей өткен түлегіміз, сайыс нәтижесі бойынша ІІІ-орынды қанағат тұтты. Айта кетейік, Шапағат мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Қалалық, республикалық деңгейлерде өткен байқаулардың жеңімпазы. 2018-2019 оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымына жетекшілік етіп, ұйым жұмысын ұтымды ұйымдастыра білді. Мектеп абыройын асқатата білген түлегімізге алар асуларыңыз көп болсын дейміз

Автор: 68mektep
Добавлено: 11.11.2019 в 15:35