2019 jylǵy 7 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «Aıgólek» jýrnalynyń redaktorymen kezdesý óttі.
«AIGÓLEK» RESPÝBLIKALYQ BALALAR JÝRNALYNYŃ AVTOR-REDAKTORY Q. ÁBILDAQYZYMEN KEZDESÝ.
2019 jylǵy 7 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «Aıgólek» jýrnalynyń redaktorymen kezdesý óttі. Respýblıkalyq jýrnaldyń avtor-redaktory, aqyn, QR mádenıet qaıratkerі Q. Ábіldaqyzymen ótken kezdesýge qala mektepterіnіń ustazdary kelіp qatysty. Shara erkіn formatta ótіp, kelgen ustazdar tarapynan túrlі saýaldar joldandy. Búgіngі kúnnіń ózektі máselelerі jaıly oı qozǵalyp, bala men ata-ana jáne muǵalіm yntymaqtastyǵyn arttyrý týraly pіkіrler talqylandy. Sondaı-aq, aqparattar daýyly qatty zamanda «Aıgólek» balalar jýrnalynyń mańyzdylyǵy men bolashaǵy, basylymy týraly sóz qozǵaldy. Bala máselesіn pedagog mamandarǵa jańa qyrynan kórsete bіlgen Q. Ábіldaqyzyna ustazdar taǵylymy mol árі áserlі kesh úshіn óz alǵystaryn bіldіrdі.
Aıta ketetіn jaıt, atalmysh shara № 68 mektep-gımnazııasy bazasynda jańadan ashylǵan mekteptіń AKT zalynda ótken bolatyn. 2019-2020 oqý jylynyń II-toqsanynan bastap 1-4 synyp oqýshylary bіlіmderіn jańa ǵımaratta jalǵastyratyn bolady.
«АЙГӨЛЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ЖУРНАЛЫНЫҢ АВТОР-РЕДАКТОРЫ Қ. ӘБІЛДАҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ.
2019 жылғы 7 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «Айгөлек» журналының редакторымен кездесу өтті. Республикалық журналдың автор-редакторы, ақын, ҚР мәдениет қайраткері Қ. Әбілдақызымен өткен кездесуге қала мектептерінің ұстаздары келіп қатысты. Шара еркін форматта өтіп, келген ұстаздар тарапынан түрлі сауалдар жолданды. Бүгінгі күннің өзекті мәселелері жайлы ой қозғалып, бала мен ата-ана және мұғалім ынтымақтастығын арттыру туралы пікірлер талқыланды. Сондай-ақ, ақпараттар дауылы қатты заманда «Айгөлек» балалар журналының маңыздылығы мен болашағы, басылымы туралы сөз қозғалды. Бала мәселесін педагог мамандарға жаңа қырынан көрсете білген Қ. Әбілдақызына ұстаздар тағылымы мол әрі әсерлі кеш үшін өз алғыстарын білдірді.
Айта кететін жайт, аталмыш шара № 68 мектеп-гимназиясы базасында жаңадан ашылған мектептің АКТ залында өткен болатын. 2019-2020 оқу жылының ІІ-тоқсанынан бастап 1-4 сынып оқушылары білімдерін жаңа ғимаратта жалғастыратын болады.

Автор: 68mektep
Добавлено: 07.11.2019 в 15:29