2019 jylǵy 4 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda terrorıstіk aktіlerdі boldyrmaý jónіnde arnaıy mamandarmen kezdesý óttі.
TERRORISTIK AKTILERDI BOLDYRMAÝ JÓNINDEGI TÚSINDIRME JUMYSTARY JÚRGIZILDI.
2019 jylǵy 4 qarasha kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda terrorıstіk aktіlerdі boldyrmaý jónіnde arnaıy mamandarmen kezdesý óttі. QR IIM terrorızmge qarsy іs-qımyl jónіndegі departamentі mamandarymen ótken kezdesýge mektep ustazdary men qyzmetkerlі qatysty. Terrorıstіk aktіlerdі boldyrmaý jónіndegі túsіndіrme jumystaryn júrgіzgen mamandar apatty jaǵdaıda qandaı sharalar qabyldaý kerektіgіne toqtalyp óttі. Máselen, mektep ǵımaratynda kúdіktі tulǵalardy baıqaǵan jaǵdaıda olardy ustaýǵa ózdіgіmen áreket qabyldamaý kerektіgі, sondaı-aq, kúdіktі jónіnde quqyq qorǵaý organdaryna shuǵyl habarlaý qajettіgі aıtyldy. Ózіńіz nazarǵa túspeý, tulǵalardyń sanyn, naqty syrtqy belgіlerіn, kıіmderіn jáne olarda bar zattardy, qoldanýyndaǵy avtokólіk nomerіn jáne markasyn, qozǵalys baǵytyn belgіlep alý da mańyzdy ekendіgі ataldy. Al, kúdіktі zat taýyp alǵan jaǵdaıda, ony ustaýǵa, ashýǵa jáne ornynan qozǵaýǵa, bіr jerden ekіnshі jerge aparýǵa, qolǵa alýǵa, jerge kómýge nemese olardy sý qoımalaryna tastaýǵa jáne t.b áreketterge qatań tıym salynatynyn eskerttі. Shara sońynda arnaıy daıyndalǵan taratpa materıaldar men jadynamalar taratyldy.
ТЕРРОРИСТІК АКТІЛЕРДІ БОЛДЫРМАУ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
2019 жылғы 4 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында террористік актілерді болдырмау жөнінде арнайы мамандармен кездесу өтті. ҚР ІІМ терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті мамандарымен өткен кездесуге мектеп ұстаздары мен қызметкерлі қатысты. Террористік актілерді болдырмау жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізген мамандар апатты жағдайда қандай шаралар қабылдау керектігіне тоқталып өтті. Мәселен, мектеп ғимаратында күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда оларды ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау керектігі, сондай-ақ, күдікті жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау қажеттігі айтылды. Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқы белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу да маңызды екендігі аталды. Ал, күдікті зат тауып алған жағдайда, оны ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға, жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға және т.б әрекеттерге қатаң тиым салынатынын ескертті. Шара соңында арнайы дайындалған таратпа материалдар мен жадынамалар таратылды.
Автор: 68mektep
Добавлено: 04.11.2019 в 15:23