Меню KDT
MÁDENI OShAQ

2019-2020 oqý jylynyń alǵashqy toqsanyn aıaqtaǵan mektep oqýshylary kúzgі demalystaryn da tıіmdі ótkіze bіldі


2019-2020 oqý jylynyń alǵashqy toqsanyn aıaqtaǵan mektep oqýshylary kúzgі demalystaryn da tıіmdі ótkіze bіldі. Oǵan sebep, tárbıe jumysynyń 7-baǵyty, ıaǵnı, zııatkerlіk, aqparattyq mádenıet tárbıesіn damytý maqsatyndaǵy jumystyń júıelі uıymdastyrylýy. Onyń іshіnde, mádenıet oshaqtaryna saıahat mektep oqýshylarynyń qyzyǵýshylyǵyn arttyrýda. Máselen, I-toqsannyń sońǵy oqý aptasynda Nur-Sultan qalasynyń ákіmdіgі «Jastar» teatrynyń HIII maýsymy ashylýynyń kýágerі bolǵan oqýshylar erekshe ásermen qaıtty. Teatrǵa barýǵa kedergі keltіretіn faktorlar kóp degenіmіzben, oqýshylar tarapynan kúzgі kanıkýlda da qoıylymdardy tamashalaý týraly usynystar arta tústі. Osyǵan oraı, 2019 jylǵy 27 qazan kúnі «Kózіme bіr kórіnshі bala ǵashyq» atty sahnalyq qoıylymdy 9-11 synyp oqýshylary tamashalap qaıtqan bolatyn. B. Soqpaqbaevtyń «Menіń atym Qoja» shyǵarmasyna negіzdelgen sahnalyq povest mektep oqýshylarynyń jalynyn arttyrǵany anyq. Rýhanı mádenıettі damytý baǵytyndaǵy atalmysh jumystar jalǵasyn tabatyn bolady.
РУХАНИ КЕМЕЛДІК ПЕН МӘДЕНИ ӨСУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН БІРДЕН-БІР ОРЫН – ТЕАТР. МӘДЕНИ ОШАҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА.
2019-2020 оқу жылының алғашқы тоқсанын аяқтаған мектеп оқушылары күзгі демалыстарын да тиімді өткізе білді. Оған себеп, тәрбие жұмысының 7-бағыты, яғни, зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбиесін дамыту мақсатындағы жұмыстың жүйелі ұйымдастырылуы. Оның ішінде, мәдениет ошақтарына саяхат мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыруда. Мәселен, І-тоқсанның соңғы оқу аптасында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жастар» театрының ХІІІ маусымы ашылуының куәгері болған оқушылар ерекше әсермен қайтты. Театрға баруға кедергі келтіретін факторлар көп дегенімізбен, оқушылар тарапынан күзгі каникулда да қойылымдарды тамашалау туралы ұсыныстар арта түсті. Осыған орай, 2019 жылғы 27 қазан күні «Көзіме бір көрінші бала ғашық» атты сахналық қойылымды 9-11 сынып оқушылары тамашалап қайтқан болатын. Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына негізделген сахналық повесть мектеп оқушыларының жалынын арттырғаны анық. Рухани мәдениетті дамыту бағытындағы аталмыш жұмыстар жалғасын табатын болады.





Комментариев нет
704 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 28.11.2019 в 15:19

Возможно вас заинтересует...!